Маңғыстау ауданы, Бекі ауылының оқушыларына тапсырманы «Қазпошта» қызметкерлері жеткізіп отырады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқушылар да үй тапсырмаларын осы қызмет түрі арқылы мұғалімдерге жібереді.
Ал Аққұдық мектебіндегі оқушылар мен ұстаздар санының аздығы ескеріле отырып (мұғалім – 14, оқушы - 23), сабақ дәстүрлі тәртіпте жүргізіле бермекші. Сәйкесінше, мектепте тиісті дезинфекциялық, тазалау, желдету шаралары уақытылы жүргізіледі.