Бүгін, 22 ақпан күні Қарақия ауданы, Құрық ауылының бір топ жұмыссыз тұрғыны аудан әкімі мен оның орынбасарына үндеу жолдады. Олар аудандағы өндірістік мекемелерге, атап айтқанда ОСК,ОКК, ОТК мен West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын. Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.