ҚР ҰӘМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҰБТ тапсыру кезінде бұзушылықтар саны биыл бірнеше есе азайғанын атады. 2019 жылы ҰБТ-ға 120 мың талапкер қатысса, ал тәркіленген тыйым салынған заттардың саны 128 мыңды құраған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2020 жылы талапкер тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеуге жіберілмейтін норма енгізілген болатын.
"Биыл ҰБТ тапсыруға кіре берісте 402 тыйым салынған зат тәркіленді, олардың иелері тестілеуге жіберілмеді. Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру барысында 302 талапкердің нәтижелері жойылды", – деп атап өтті ҰБТ орталығының басшысы.
Бұл ретте ол постмониторинг 31 қазанға дейін жүргізілетінін атады.
Егер әлі де түрлі ереже бұзушылықтар анықталса, онда нәтижелер де жойылмақ. Мысалы, өткен жылы 217 нәтиже постмониторинг барысында жарамсыз деп танылған.
Алайда, ҰБТ-дан шығарылған талапкерлерге қайтадан бақтарын сынауға мүмкіндік қарастырылған. Олар ҰБТ-ны ақылы негізде оқу үшін ЖОО-ға түсу үшін тамыз айында тағы да ақылы негізде тест тапсыра алады.
Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында балалардың 83 пайызы тиісті межеден өту балын иелене алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16 пайызға артық. ҰБТ орташа балы 73 ұпай болса, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 66 балл шамасында болды. Сонымен қатар, бірқатар жаңалықтар енгізіліп отыр.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін емтихан тапсыруға қосымша уақыт берілді, диаграммалар мен кестелермен сұрақтар алынып тасталды.