Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованы ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ОСК мәліметінше, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары Президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдіргендер Қазақстанның 18 өңірінен 119 316 азаматтың қолын жинаған. 119 316 қол түгел тексеріліп, оның 118 434 қол анық деп танылған. Осылайша кандидатты қолдаушылар қолының қажетті саны қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі кандидат ретінде ұсынған болатын.