Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап
Қазақстан ОСК деректері бойынша:
- "Amanat" партиясына 3 431 510 адам, яғни 53,9 пайызы дауыс берді;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 693 938, 10,9%;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 535 139, 8,41%;
- Қазақстан Халық партиясы - 432 920, 6,8%;
- "Respublica" партиясы - 547 154, 8,59%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 331 058, 5,2%;
- Қазақстандық «Baytaq» Жасылдар партиясы - 146 431, 2,3%.
- Барлығына қарсы бағасын 248 291 қазақстандық таңдаған, 3,9%.