Парламент Мәжілісінің депутаттары еліміздің Бас прокурорынан кәсіпкер Рамиль Мухоряповты арандатушылық әрекетке барғаны үшін құқықтық шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәжілісінің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының өкілі Еділ Жаңбыршин Бас прокурорға шағымхат жолдады. Халық қалаулысы таяуда елді дүрліктірген кәсіпкер Рамиль Мухоряпоақа тиісті шара қолдануды сұрап отыр.
"Қазіргі таңда еліміздегі миграциялық дағдарысты пайдаланып, ел ішінде арандату оқиғалары болып жатыр. Соны бірі қазақстандық кәсіпкер, ChocoFamily Holding негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне және мәдениетіне қатысты әлеуметтік желіде тараған мәлімдемесі қоғам ішінде әлеуметтік наразылық туғызды. Мұндай әрекет Тәуелсіздімізге, Ұлттық мүддемізге, ел тыныштығына қайшы және нұқсан келтіреді деп есептейміз. Әрбір қазақстандық азамат ҚР Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге міндетті", — деп жазған Еділ Жаңбыршин.
Депутатты Самат Мұсабаев бастаған оннан астам әріптесі қолдаған. Олар Бас прокурордан арандатушылық іс-әрекетке барған Рамиль Мухоряповқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабының 1-тармағына сәйкес құқықтық шара қолдануды сұраған.