Бұл туралы ҚР Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Экспресс К-ға сілтеме жасай отырып.
Ерлан Қошанов мерзімінен бұрын өтетін сайлау саяси реформалардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.
"Осы реформалардың нәтижесінде біздің барлық саяси институттарымыз жаңартылатын болады. Бұл біздің қоғамның талабы. Жасыратыны жоқ, біздің азаматтарымыз, қоғамымыз, БАҚ, әлеуметтік желілер бізден ұзақ уақыт бойы саяси жаңаруды, реформалар мен өзгерістерді талап етіп келеді. Барлығы Парламент сайлауын күтуде. Бұл дұрыс", - деді ол.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы келесі жылдың бірінші жартысында парламент сайлауы өтетінін айтты.
"Содан кейін Үкіметтің ауысуы немесе жаңаруы болады. Елдің саяси өміріндегі мұндай ауқымды өзгерістер алғаш рет орын алуда. Менің ойымша, бұл біздің саяси мәдениетіміз бен жариялылығымыздың белгісі', — деді Ерлан Қошанов.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.