Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының ішімдік ең аз тұтынатын өңірлер қатарына қосты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берілген жауапта
"Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтары үшін" Ұлттық зерттеуінің деректері бойынша, 2022 жылы халықтың көпшілігі ішімдікті қалыпты мөлшерде ішеді немесе мүлдем ішпейтіні (92,4 пайыз) туралы айтылған.
Алкогольді ішімдіктерді қауіпті дозада тұтыну ерлер үшін аптасына 168 грамнан, әйелдер үшін 84 грамнан асса таза этанол болып саналып тыр. Ал отандастарымыздың 7,6 пайызы алкогольді қауіпті дозада пайдаланатыны анықталған.
«Жалпы халық арасында қауіпті дозада алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың таралуы - 7,6 пайыз, ерлер арасында алкогольге тәуелділіктен зардап шегетіндер 2,7 пайыз және әйелдер арасында айтарлықтай жоғары - 11,8 пайыз", - деп жазылған министрліктің жауабында.
Аймақтар бойынша айырмашылықтар Қазақстанда анық байқалып отыр. Мәселен, Ақтөбе (20,9 пайыз) және Қостанай (19,6 пайыз) облыстарында алкогольді тұтынудың ең жоғары көрсеткіштері тіркелген. Алматының орташа республикалық көрсеткіші - 15,5 пайыздан асқан. Ал Маңғыстау облысы мен Шымкентте еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш - 0,8 пайыз және 1 пайыз екені анықталған.