Бұл жөнінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қазір тарифтер мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Бұған дейін «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы туралы айтқан болатынмын. Аталған бағдарлама іске қосылған күннің өзінде бір күнде тарифтерге әсер етпейді. Жаңа жылу-жарық электр орталықтарын салу жоспарлануда, олар іске қосылғаннан кейін тарифтерді қайта қарастыруға болады. Бірақ біз бағаны өсіруді жоспарлап жатқан жоқпыз», – деді Болат Ақшолақов эфир барысында.