Қазақстанда жеңілдікті автокредиттер мен автомобильдерді алудың ашық платформасы іске қосылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өнеркәсіпті дамыту қорының ақпараты бойынша жаңа платформа Autonesie.kz 6 ақпанда жұмысын бастамақ. Бұл жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша несиелер мен автомобильдерді алу кезінде алаяқтық пен делдалдықтың санын азайтады.
"Сондықтан біз жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасына қатысу тетігін өзгертуді ұйғардық. Бірінші несиелік бюромен бірлесіп жеңілдікті автокредит алуға өтінімдер қабылдау үшін платформа әзірледі. Autonesie.kz платформаның негізгі мақсаты-жеңілдетілген автонесиеге қатысуға тең құқықты қамтамасыз ету және бағдарламаға қатысудың ашықтығы", - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.
Платформа кезексіз өтініш берушілер пулын білдіреді. Барлық тіркелген өтініш берушілер автокөлік пен автонесие алу үшін автосалондар мен банктерге бара алады.
Сондай-ақ, өтініш берушілерде ғаламтор желісі қосылған компьютер, ЭЦҚ, NC Layer болуы қажет. ЭЦҚ кілтінің дұрыстығы мен жарамдылығын тексеру өте қарапайым, Egov.kz сайтында кез келген қызметке немесе анықтамаға тапсырыс беруге болады.