Елімізде өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен бірге 2 адам аталмыш дерттен құлан таза айықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметісілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәлімет бойынша өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болды.
«15 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша елімізде барлығы 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 13 адамның жағдайы ауыр болса, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр деңгейде. Сонымен бірге, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соңғы күндері республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны артқаны байқалып отыр.