Еске сала кетейік, мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайының нашарлауымен және жалақының төмендеуімен байланыстырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық құжаттамасы мен сатып алуларын заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау үшін жұмыс тобы Маңғыстауға келді. Бұл ретте Жаңаөзен қаласы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесін халыққа жеткізуге уәде берілді.