Прокурорлар салық органдары «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясын өткізу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған акцияның шеңберінде азаматтар салық органдарына оларға тауар чегін бермеуге қатысты бұзушылықтар туралы хабарлайды. Талдау барысында мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерінде әртүрлі бұзушылықтар бар екенін анықталды.
Салық органдарының қызметкерлері шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийге қарамастан, қоғамдық бақылау түрінде жасырын тексерулер жүргізуді жалғастырып жатыр.
Бизнес субъектілерінің қызметіне тексеру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы заңсыз араласу деректері белгілі болды.
Бүгінге мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері, оның ішінде 18 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен бірге, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 346 заңсыз қозғалған қаулының күші жойылды.
Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратураның бақылауына алынып, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтарына жүгіну қажет екенін мәлімдеп отыр.