Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы Мәжіліс талқылауына жіберіледі
22 қаңтар, 11:47 | Қазақстан жаңалықтары
Былтыр Қазақстанда отбасындағы жанжал салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болған. Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Halyquni порталына сілтеме жасап.
- Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, - деді депутат.
Оның айтуынша, Сенат депутаттары Үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.
Заң жобасы мыналарды қамтиды:
- зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де);
- оларды жария айыптаудың қылмыстық құқықбұзушылық санатына жатқызу;
- балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау.
688
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.