Елордада Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды, нәтижесінде 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілген.
Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесі полиция қызметкерлерімен құрықталған болатын. Қазір олар да тергеуде.
Ал топ басшысы қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.