Вандализм үшін салынатын айыппұл 50-160 АЕК-тен 100-200 АЕК-ке дейін артады. Мұндай құқық бұзушылық жасағандар 160 сағатқа дейін жұмысқа тартылып, 40 емес, 50 күнге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни араздық себептері бойынша қастандық негізінде топтасып жасаған вандализм үшін 500 АЕК-тен 200 мың АЕК-ке дейін айыппұлмен, 300-ден 600 сағатқа дейін түзеу және қоғамдық жұмыстармен, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен бірнеше рет жазаланатын болады.
Белгіленбеген жерге қоқыс тастағандар 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл арқаламақ. Ал бір жыл ішінде тағы қайталанса айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
Ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көлікті бүлдіргені үшін айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін болады. Қамауға алу-15-тен 20 тәулікке дейін ұлғайтылады. Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса 20-дан 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады.
Заң жобасының құжаты Сенатқа жіберілді.