© Фото Жеңіс Қасымбектің парақшасынан алынды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кішкентай баланы құтқарып қалған Ақан Әлімжанов және оның отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайдың алдын алғаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы Астана әкімі өзінің инстапарақшасына жазған.
«Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Ақанға планшет пен 1 миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», - деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.
Еске салайық, кеше 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалған.