Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», - деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында топырақтың лайлануы салдарынан техногендік сипаттағы лай көшкіні болды.