Қазақстандағы мерекелер тізіміне өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп, жаңа мереке ретінде баспа күні пайда болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұдан былай Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізімінде келесі тармақ пайда болып, 2 ақпан Ұлттық баспа күні ретінде аталып өтпек.
Аталған тармаққа сай, Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан да Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның өкіміне байланысты жаңа мереке күні енгізіліп отыр.
Жаңа құжаттың түсіндірме жазбасында Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты елдерде ұлттық басылымның алғашқы шыққан күні жаңа мерекенің бастауы болғаны мысалға келтірілген.