Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биыл Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталатыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Биыл ораза 29 күнге созылып, 17 сәуірден 18 сәуірге қараған шақта қасиетті Қадір түні болады. Ал 21 сәуірде Ораза Айт мерекесі тойланбақ. Биылғы жылы пітір садақа мөлшері 535 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.
"Пітір садақаның сомасы ел бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ қалалық және аудандық бөлімшелері берген ақпарат негізінде анықталды. Сіз пітір садақаны құрма мен мейіздің бағасымен де тарата аласыз", - деп жазылған діни басқарма хабарламасында.
Сонымен бірге ҚМДБ 2023 жылы Қазақстанның барлық қалалары бойынша оразаның кестесін жариялады.