Жедел желі телефоны ақпараттық сипаттағы 239 қоңырау қабылдады. Қазіргі уақытта Алматы қаласының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлеріне келтірілген залал туралы 156 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықты қабылдау пункттеріне 102 адам, оның ішінде 43 бала барған.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істейді.
Алматыда халықты қабылдау пункттерін Яндекс карталарындағы сілтеме бойынша табуға болады.