© old.kzvesti.kz
Іріктеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді, ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардан үміткерлерді таңдайтын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шақырылушыларға мынадай талаптар қойылады:
* 18-27 жас аралығы;
* бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден ұзын емес;
* білім деңгейі орта білімнен төмен емес;
* мықты денсаулық.
Ведомствода жоғары білімі бар және спорттық жетістіктері, разрядтары бар шақырылушыларға басымдық берілетінін айта кетті.
МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы әскери бөлімдерінде атқарады.
"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады", - деді ҚР МКҚ баспасөз қызметінде.
"ҚР МКҚ мерзімді қызметінің әскери қызметшілерінің одан әрі Кадрлық өсу мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін тілек білдірушілер келісімшарт бойынша қызметін жалғастыра алады, бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері бола алады және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындай алады. ҚР МКҚ мерзімді қызметінің әскери қызметшілеріне қатысты әскери қызмет өткеру мерзімін аяқтаған азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады", - деп толықтырды ведомствода.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әскерге шақырылушылар жергілікті департаментке жүгіне алады.