Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады» деп атап өтті Сансызбай Құрбанұлы.