Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауып, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.
7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі мүмкін.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді. Сонымен қатар, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта -25° аязға дейін, солтүстікте -30° аязға дейін, ал республиканың шығысында -18° аязға дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 5-7° жылы болады.