Соңғы аптада жұмыртқаның бағасы 0,7%-ға қымбаттады. Картоп пен жұмыртқа азық-түлік бағасының өсуінің жоғарғы сатысында тұр. Соңғы рет 0,1% - ға өсті. Бұл соңғы 4 айдың ішіндегі өсім (0,6% - дан жоғары), деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz datahub_fcbk телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қыркүйек пен желтоқсан аралығында жұмыртқа бағасының айлық өсу қарқыны биылғы жылы ең жоғарғы нәтежиені көрсетуде. Орташа алғанда – 4,5%. Салыстырмалы түрде: тұрақтылығымен ерекшеленетін 2021 жылы 2,4% құрады.
Дегенмен, жұмыртқаның бағасы әрқашан өсетін өнім екенін түсіну керек. Бұндай жағдайлар тек жылдың басында және ортасында болады. Сонымен қатар, бағаның қатты өсуі суық ауа райының басталуымен байқалады.
Ал картоп 0,6%-ға қымбаттады. Тамыздан желтоқсанға дейін картоптың бағасы тұрақты болған болатын.