©
Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды сайты mangystaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде: 1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін; 2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым № 3