©
Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Қалалық және республикалық 10 жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады Ақорда сайты.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаладағы түрлі үдерістер көлемін реттеуге, имитациялауға және модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түріндегі Алматының голографикалық макеті таныстырылды.
Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Көрнекі сурет akorda.kz сайтынан алынған