Тиісті бұйрыққа енгізілетін өзгерістер жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz LSM.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетелге шығу құжатының көшірмесі қажет, құжатқа өтініш 180 күн бұрын берілуі қажет.
Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың растау ережесіне сәйкес төлем қабілеттіліктерін растайтын құжат қажет.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар тұрғылықты жері бойынша сотталмағаны туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, денсаулығы туралы да анықтама талап етіледі.
Жобаның қоғамдық талқылауы 2022 жылдың 10 қазанына дейін жалғасады.