АХҚО-ның жоғары жұмыс жүктемесіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АХҚО-ның жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді 20 АХКО сенбі күндері жұмыс істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады.
Еске сала кетейік, АХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады.
Графикте барлық кезекші ХҚО мен АХҚО-ның мекен-жайлары көрсетілген.