Бүгін, 24 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz azertag.az сілтеме жасай отырып.
Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Әзірбайжан Республикасы премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар барысын алдағы ақпараттарымызда толығырақ баяндаймыз