Президент Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Президент бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек деді.
«Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек», - деді Президент.