Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын реттеуді Бас прокуратураға тапсырды. Ол Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен және Энергетика министрлігімен бірлесіп, реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуі тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жылдан жылға азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы бағыттағы жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады», - деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.