• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 11 Мамыр 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстаулық жас спортшы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды...

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы ш...

Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті...

Ақтауда облыстық жас ақындар айтысы өтті...

Экологиялық қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді...

  • USD: 427.22 ₸
  • EUR: 519.71 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Қазақстан Президентінің бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы жинақ жарық көрді

18 наурыз, 14:39  |  Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Президентінің бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы жинақ жарық көрді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында.

"2020 жыл бүкіл әлем COVID-19 пандемиясына қарсы жұмыла күрескен жыл ретінде тарих жылнамасына жазылды. Коронавирус індеті тек Қазақстанды ғана емес, дүниежүзін әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Еліміз осы қатерлі дерттің салдары ауыр болатынын алғашқылардың бірі болып түсініп, дер кезінде тиісті шаралар қабылдады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетімен күрес кезінде, ең алдымен, халықтың денсаулығын қорғау, экономиканың тұрақтылығы мен даму қарқынын сақтау, білім беру салаларына баса мән берді. Атап айтқанда 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді. 2 миллионға жуық адамның несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлердің салық жүктемесі азайтылды. Жалпы Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия 500-ге жуық маңызды шешімдерді іске асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия қаупіне қарамастан, өңірлерде қалыптасқан ахуалды өз көзімен көріп, індетке қарсы күресіп жатқан жұртшылықпен жүзбе-жүз кездесіп, облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу үшін Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарына жұмыс сапарымен барды. Әр аймақтың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті өркендету үшін инвестиция тарту, түйткілді мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берді.

Коронавирус пандемиясы Қазақстанның халықаралық қатынастарына да айтарлықтай әсер етті. Соған қарамастан, жоспарланған әлемдік деңгейдегі жиындарды онлайн режимде өткізу форматы қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шараға, БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарына, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің төтенше саммитіне, Еуразиялық экономикалық одақтың саммитіне, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммитіне және басқа да жиындарға видео байланыс режимінде қатысты. Осы жиындарда Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, жаһандық және өңірлік байланыстарды дамытуға бейіл екенін айтты.

Жалпы Мемлекет басшысы былтырғы 16 наурыздағы телевизиялық үндеуінен бастап бір жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарды. Осыған байланысты Президенттің Баспасөз қызметі биыл да дәстүрлі түрде Қасым-Жомарт Кемелұлының өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының барысында, түрлі жиындарда сөйлеген сөздерін, Үндеулері мен Мәлімдемелерін отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбаттары мен әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалаларын үш кітапқа топтастырып шығарып отыр.

Бірінші және екінші кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 пандемиясын еңсеріп, еліміздің экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру мақсатымен қолға алған бастамалары, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттің алдында тұрған міндеттер жөніндегі тұшымды ой-пікірлері, сондай-ақ, әлемдік маңызы зор халықаралық жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылған.

Үшінші кітапқа Мемлекет басшысының отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған. Кітапта Қазақстанның халықаралық қатынастарға қатысты ұстанымы, Президенттің ел ішіндегі өзекті мәселелерге қатысты ой-толғамдары сөз болады.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі оқырман қауымға Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылда атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы ретінде осы 3 томдықты ұсынып отыр. Жинаққа Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиындардың фотосуреттері де енген. Кітапта жарияланған материалдар жас ізденушілерге, мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп жатқан қызметшілерге құнды әрі деректі құжат болмақ", делінген жазбада.

316
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Қазақстан жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

2023 жылға қарай дәрігерлер мен педагогтердің жалақысы екі есе өседі

Келесі жаңалық

Қазақстанда осы уақытта қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1644

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1435

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1142

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1252

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1585

    «Доссор-Ақтау порты» жолының 45 шақырымы жаңартылды

    [ 2020 ] 14 тамыз, 16:48
    965

    Рубрикалар

      МәселеТағайындауҚызық дерекРухани жаңғыруҚарақияРедакция газеттеріТүпқарағанЭкономикаБейнеуСараптамаЖастар бетіМұнайлы

    Автордың басқа да жазбалары

    Елбасы Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

    Бүгін 17:26
    53

    ШҚО-дағы өрт: Кәсіпкерлер де көмекке келді

    Бүгін 14:00
    66

    ШҚО-дағы өрт: Сенаторлар баспанасыз қалған тұрғындарға бір күндік еңбекақысын аударды

    Бүгін 13:58
    56

    Президент ШҚО-дағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

    Кеше 22:54
    41

    9 мамыр - мен және менің отбасым үшін ерекше күн - Ғалымжан Ниязов

    Кеше 16:28
    214

    «Жемқорлық – балалар көзімен» акциясы бастау алды

    Кеше 15:21
    106

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»