Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы ақпараттық – ағартушылық штабы аудандардағы мектеп оқушылары арасында «Жемқорлық – балалар көзімен» атты онкүндік іс-шаралар акциясын бастады.
Акцияның негізгі мақсаты – жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.
Қазіргі кезде аудан мектептеріндегі оқушылар арасында «Адамдықты іздесең, Абайды оқы», «Мен жастарға сенемін» деп аталатын видеороликтер әзірленді. Сондай-ақ, «Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?» тақырыбындағы оқушылар дебаты үрдіске айналып келеді.
Айта кетейік, «Адал ұрпақ» жобасы шеңберінде адалдық сағаттары ұйымдастырылуда.