Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Сенаторлар мен Мәжілісмендер бір күндік еңбекақысын аударған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер де өз көмегін көрсетіп жатыр. Исатай Ансат есімді азамат осы алапат өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға тұрғын үй ретінде пайдалануға жараса, өз иелігіндегі әскери казарманы қайтарымсыз қолдануға бере алатындығын айтып, әкімдікке өзінің ұсынысын білдірді.
Ғимараттың мекен жайы: Өскемен қаласы, Согринская көшесі 223/42, бұл бұрыңғы әскери бөлім, (ауданы 3800 ш.м.) және 1 га іргелес учаскесі бар цехтан (1000 ш. м.) тұрады, делінген жазбада.
Байланыс телефоны +7701 711 77 53