Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 2000 жылы туған науқас травматология бөлімшесінде емделіп жатыр. Зардап шеккен адамның қабырғасы мен жамбасы сынған, - деді баспасөз қызметі.
Екінші жәбірленуші облыстық балалар ауруханасында.
Еске сала кетейік, 1 сәуір күні Ақтауда 16 және 22 жастағы екі қызды реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен еді.