• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Мәңгілік биіктік

    [ 2023 ] 28 наурыз, 12:12  |  Жаңалықтар

    Қазақ поэзиясы көгінде жұлдыздай жанған, жазарын дәуірмен жағаласа дауылдатып, жандырып жазып, айтарын билікпен таласа, тайталаса жүріп тайсақтамай айтқан поэзия падишасы Фаризаны білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Кешегі аңызға айналған Алтын Орданың кіндік тұсы, құлан жортқан құла түзде ат ойнатқан Шалгез, Доспамбет, Қарға бойлы Қазтуған, Сырым, Махамбет сынды батырының өзі – ақын, ақынының өзі алдаспандай жарқылдаған батыр толғатқан топырақта туған Фаризаның жаратылысы, дүниені тануының ешкімге ұқсамайтын ерекше болуы да заңды нәрсе сияқты. Ол шығармаларын тек жүрекпен жазды. Ешкімді қайталаған да, ешкімге ұқсаған да жоқ. Поэзияда дара да сара жол салды. Еліктеп, солықтауды білмейтін, жаны таза, биік рухтың ақыны еді. Оның жырларынан тазалықтың, табиғаттың шынайы бейнесі ашық көрініп тұрады. Сондықтан да Фариза жырлары құнды да салмақты, мөлдір де тұнық. Әйел заты демесең, нағыз ердің өзі еді. Өмірді шексіз сүйгендігі сондай, ауырып жүрсе де сыртына сыр білдірмеді, азабымен іштей арпалысты. Жастармен кездесу кештерінде, журналист сұхбаттарында, апайды іздеп барған адамдармен пікірлесуде де жарқын жүзбен сыр бөлісті.

    Ақынның жас кезінде жазған «Өлең» атты жырынан-ақ поэзияны қалай сүйетінін, өмірлік серігі болған өлеңді қалай қадірлеп, аялайтынын тануға болады:

    Дара күндерімнің,
    нала түндерімнің
    серігі болғаның үшін,
    сенімі болғаның үшін
    мен сені аялаймын...

    Осы шумақтың өзі-ақ ақынның өлеңге деген құрметін білдіреді. Осы бір шумаққа ақынның поэзияға деген махаббаты сыйып тұр. Жоқ, ақын әрі қарай терең толғана түседі. Өлең тереңдеген сайын одан әрі өлеңнің құдіретін сезіне түсесіз. Бұл тек қана бір өлең туралы өлең ғана.

    Ал Фаризаның бүкіл поэзиясы жұмбақ та сиқырлы алып мұхит іспетті...

    Қазақтың белгілі ақын қызы, халық жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай Ш.Есенов атындағы КТИУ-де Фариза Оңғарсынова атындағы оқу аудиториясының ашылуы елеулі оқиға болған еді. Одан бері де төрт жыл зырлап өте шығыпты. Бұл қазақтың ақын қызына көрсетілген құрмет еді. Ф.Оңғарсынованың Ш.Есенов атындағы университетіне сіңірген еңбегі зор. Маңғыстауға келген сапарларында университетке келіп, жастармен жүздесіп, ақыл-кеңесін айтудан жалықпайтын. Жастарға өзінің өлеңдер жинақтарын сыйлайтын. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова есімін жас ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында оқу аудиториясын ашу игілікті шаралардың бірі еді. Бұл күнде ақын кабинеті университетке келген мәртебелі меймандардың, ұстаздар мен білім алушылардың құрметпен кіретін орнына айналды. Мұнда болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларына, педагог мамандарға дәрістер өткізіліп келеді. Сондай-ақ поэзия минуттары, поэзия кештері сияқты мазмұнды шаралар да ұдайы өтіп тұрады. Қазіргі жастардың Ф.Оңғарсынова поэзиясына деген қызығушылығы өте жоғары.

    Ақын шығармашылығына деген білім алушылардың қызығушылығын арттыру, әдеби дүниетанымы мен көзқарасын кеңейту, ой-өрістерін, жылдам ойлау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту, дұрыс сөйлеу әдебін меңгерту, ақын поэзиясын жатқа оқу мақсатында университетте қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастырумен «Фариза оқулары» өтіп тұрады.

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Атамұрадова Ақмарал университетте оқыған төрт жыл студенттік шағында оқу ордасындағы өнерге, поэзияға жақын студенттердің басын қосып, «Шоқжұлдыз» атты клуб ашты. Клуб мүшелерінің оқу орнының маңызды шараларында жырдан, әннен шашу шашқаны бізді шын қуантты. Әсіресе Фариза ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқулары ерекше. Атап айтсам, Смағұл Динара «Жетімхана», Мұханова Жанар «Сен қайда жүрсің?», Дүйсенов Наурызбек «Анама», Бердіханова Гүлзира «Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?», Исмағұлова Мереке «Мен сонда жылап қалғам» өлеңдерін Фариза оқуларында, Фаризаға арналған поэзия кештерінде нақышына келтіре оқып келеді. Шаңытбаева Аида, Кайыпбаева Әмина, Оңғарбаева Айкерім, Телешбай Гүлнұр, Айынова Перизат, Едігеева Зарина, Қилыбаева Іңкәр, Қайырбаева Ақмарал, Сәрсенбаева Гүлдана сияқты білім алушылар қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің сыршыл өлеңдерін, әсіресе Ф.Оңғарсынова поэзиясын жата-жастана оқитындығының куәсәмән. «Жатқа оқы» десеңіз, кез келген өлеңін оқуға дайын тұрады. Фариза ақынның поэзиясын білім алушылардың барлығына жуығы сүйіп оқиды. Әрине, әсіресе қыздар нәзік сезімді ақын жырларын шабыттана оқып, жандарына сүйеніш іздейді.

    «Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы» атты ғылыми жобаны қолға алып, Фариза ақынның поэзиясын зерттеп, зерделеуге университет тарапынан қолдау тапқаныма қуанам. 2021 жылы «Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы» атты ұсынған ғылыми жобам ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсында жеңімпаз атанды. Қазақтың көркем сөз өнеріндегі көркем-эстетикалық құбылыс ретінде Ф.Оңғарсынова шығармашылығындағы көркемдік принциптер жүйесі мен поэтикалық ерекшеліктерді ғылыми тұрғыдан зерделеу, қаламгердің көркем шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыптық-идеялық бағдары мен көркемдік ерекшеліктерін әдеби-теориялық тұрғыдан пайымдау мен ақынның көркем тілінің қуатын, дара стильдік қырларын, поэтикалық шеберлігін ғылыми дәйектеуді мақсат еткен жоба сәтті орындалды. Жобаны орындау барысында тақырып аясында монографиям мен оқу құралы жарық көрді.

    Фариза Оңғарсынова – поэзия сүйер оқырманның ең көп оқылатын ақыны болып саналады. Ақын шығармашылығының негізі – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Ақын жазған сандуғаш жырлар әдебиет сүйер қауымның сүйікті шығармасына айналды. Халық игілігіне жарайтын өр мінезді бағалы еңбектері әр өлең сүйер оқырманның жан-дүниесінен шынайы орын тапты.

    Оқу ордамызда Фариза ақынның биік рухы асқақтап тұр.

    Нағбду ҚАМАРОВА,
    Yessenov University профессоры,
    ҚР Журналистер Одағының мүшесі

    681
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    2023 жылғы 19 наурызда өткен Қарақия аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

    Келесі жаңалық

    Ақтаудағы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қаққан қыздың қабырғасы сынған

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        Аудан тынысыАшық қоғамБіле жүріңізМаңғыстауДенсаулықҚарақияАнықтама бюросыӘдебиетФото

      Автордың басқа да жазбалары

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      571

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      168

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      599

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      404

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      369

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      357

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»