Консулдық «Аркадаг — Түрікменстандағы алғашқы ақылды қала» жобасын таныстырды. Іс-шара аясында түрікмен халқының ғасырлар бойғы мәдениетін, тұрмысы мен дәстүрлерін бейнелейтін түрікмен кілемдері, қолдан жасалған бұйымдар, ұлттық киімдер, кітаптар, суретшілердің суреттері қойылған көрме ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға облыс әкімдігі басқарма басшылары, дипломатиялық миссиялардың басшылары, жергілікті бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты. Консул архитектурасында ұлттық дәстүрлер сәтті қолданылған Аркадаг атты жаңа қаланы салудың ерекшелігі туралы айтты.
Ақылды қаланың құрылысында экологиялық таза құрылыс материалдары пайдаланылған, сонымен қатар тұрғындардың қозғалысы үшін экологиялық таза электр автобустары мен электр көліктері пайдаланылады. Ақылды қалада адамдардың өмір сүруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалғаны айтылды.
Тұсаукесер тақырыбының өзектілігін ескере отырып, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Венера Мұстапаева өз сөзінде алдыңғы қатарлы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен дамытуда өткізілетін іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанда «ақылды қала» жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатқаны және бүгінгі таңда бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. Венера Мұстапаева бауырлас Түрікменстанды жаңа қаланың құрылуымен құттықтап, ақылды қаланың өркендеуін тіледі.
Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы «Ақылды қала» жүйесін енгізу және дамыту мәселесі жыл сайын маңызды бола түсетінін атап өтті, өйткені мұндай жобалар елдердің одан әрі дамуы мен өркендеуінің маңызды факторы болып табылады.
Айта кетейік Түрікменстан Республикасы бұл қаланы салу үшін 1,5 млрд доллар қаражат жұмсаған.