Көмекке мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтуға 300 млн теңге жоспарланды
[ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:49 | Жаңалықтар
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жыл басынан бері 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңында 1,2 млн шаршы метр үйді қолданысқа беруді жоспарланып отыр.
Келесі жылға 46 жобаны іске асыру жоспарланды (6 млрд теңге бөлінді: ішінде – 4,8 млрд теңгеге 37 өтпелі жоба, 1,2 млрд теңгеге 9 жаңа жоба).
Негізгі мақсат – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде облыста аталған категорияда 8 491 отбасы бар.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді тұрғын үймен қамту мақсатында 300 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілетін болады.
Транспорт инфрақұрылымын дамытуға - 17 млрд теңге, оның ішінде жолдар құрылысына 10 млрд теңге бөлінеді.
- Құрық, Шебір, Баянды, Қызылтөбе-2, Маңғыстау-4, Басқұдық, Ақшұқыр ауылішілік жолдарының;
- «Ата жолы», «Шетпе-Қызан», «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» жолдарын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасады.
1246
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.