Облыстық ардагерлер Кеңесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлердің шахматтан облыстық жарысын өткізді.
Жарысқа аудан, қалалардан 14 ойыншы қатысып, бас төрешілікке облыстық спорт комитетінің басшысы А.Саркисов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Төлетов сайланды.
Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары А. Баужанова, облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов, спорт комитеті төрағасының орынбасары Р.Елизарова, облыс әкімі аппаратының басшысы А. Рзаханов қатысып, сөз сөйледі.
Жарыс қорытындысында, Жаңаөзен қаласы ардагерлер ұйымының атынан қатысқан шахматшы Патшабай Төлеубаев – 1 орынды жеңіп алып, бірінші дәрежелі марапат қағазы және 35 мың ақшалай сыйлық, алтын медальға ие болды. Жаңаөзен қаласы ардагерлер ұйымына 1 дәрежелі кубок қоса тапсырылды.
2 орынға Түпқараған ауданының ардагерлер ұйымының ойыншысы Батыр Тәңірбергенов ие болды. 83 жастағы шахматшыға екінші дәрежелі марапат қағазы мен 25 мың ақшалай сыйлық, күміс медаль және ардагерлер ұйымына 2 дәрежелі кубок тапсырылды.
3 орынға Ақтау қаласының ардагерлер ұйымының атынан қатысқан шахматшы, 80 жастағы Ноғай Түрікпенбаев ие болып, үшінші дәрежелі марапат қағазы, 20 мың ақшалай сыйлық, қола медаль және ардагерлер ұйымына 3 дәрежелі кубок тапсырылды.
Марапат шарларына Маңғыстау облысының шахмат федерациясының төрағасы Меңдеш Салихов мырза қатысты.
Үміт ЖӘЛЕКЕ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ