• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне экспедиция ұйымдастырды

    [ 2019 ] 26 тамыз, 06:18  |  Жаңалықтар

    Сан ғасырлық тарихы бар табиғи жәдігерлерімізді мұнайшылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақ мұнайының 120 жылдық және Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойлары аясында «Өзенмұнайгаз» АҚ өз қызметкерлеріне арнап үш күндік экспедиция ұйымдастырды. «Ұлы дала дидары» деген атаумен 12-ші тамыз күні бастау алған экспедицияда барлығы 162 қызметкер Отпан тау – Шерқала – Қызыл қала – Көгез бағыттары бойынша Маңғыстаудың тарихи жерлерін аралады. Ашық аспан астындағы мұражай саналатын Маңғыстау жерінде еліміздегі тарихи ескерткіштердің үштен бірі тіркелген. Мемлекет қорғауына алынған он бір мың тарихи ескерткіші бар археологиялық қорық,  мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандар, жерасты мешіттері, ерте дәуірдегі қалашық орындары, әскери бекіністер мен шар тәріздес алып тастар тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығын тудырып отыр. - Маңғыстау жері ықылым замандардан бері құпия сырымен таңғалдырып, тамсантып келе жатқан киелі өлке. Экспедицияны ұйымдастырудағы мақсатымыз - осынау тарих пен байлықты, рухани құндылықтарды мұнайшыларға таныстыру болды. Себебі, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет – елінің, жерінің кешегісі мен бүгінін жете таныған адамда берікқалыптасады, - дейді  «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев. 200-ге жуық мұнайшылардың танымдық сапары «Адай Ата-Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніндегі «Ақсарай» мұражайын көріп, тау биігіне көтерілуден басталды.Үш топқа бөлінген олар одан кейін Шерқаланың әсем табиғатын аралап, Шетпе аулында орналасқан X-XIII ғасырлардың археологиялық ескерткіші болып табылатын Қызылқала қалашығына табан тіреді. Жолаушыларды Шерқала тауы, Ақмыш тарихымен  Маңғыстау облысы мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры, өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы таныстырған. Көгез этноауылында қорытындыланған сапарға Есен Өтеев бастаған кәсіпорын басшылығы қосылды. Мұнайшыларға арнап жайылған ақ дастархан басында қонақтар үшінатыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров пен ақтаулық ақын Райымбек Түгелов жырдан шашу шашты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84451,84452"] -Үш күн бойы Ақтау - Жаңаөзен - Отпан - Шерқала - Ақмыш, Қызылқала - Көгез бағытымен 1 800 - 2 000 шақырым жүріп тастаппыз. Мұрат "Өзенмұнайгаз" АҚ мұнайшыларын Маңғыстау ауданындағы табиғи, тарихи, мәдени орындармен таныстыру еді. Бауыржан Мәмбетсапаев деген қазақ бар, миы толған идея, қашан қарасаң тынбай ізденіп, әрнені шұқып, оқып, "елге қайыр етсем екен" деп жүгіріп жүргені. Сол Бауыржанның идеясы еді бұл. "Алмасжан, мұнайдың қабат келген мерейтойлары қарсаңында біздің еңбеккерлер де бір жасап қалсын, Маңғыстаудың әдемі жерлерін көрсетіп келейік" деді. Жоспар құрылды, маршрут сызылды, команда түзілді. Іске кірісіп кеп кеттік. Қызық та, қиындық та болды. Күлкі де, реніш те болды. Ең бастысы, абыроймен өтті. Бағасын халық берер, беріп те жатыр, құдайға шүкір... Алпысқа жақындап қалған бір ағамыздың айтқан әңгімесі тіпті толқытты: - Апырааай, біз тек жұмысқа ғана емес, демалысқа да керек екенбіз ғой.Шынайы еңбек адамының алғаусыз пікірі ғой бұл. Жалпы, ұйымдастырудың басы қасында жүрген соң маған кеп алғыс айтушы көп болды. Алла-ай, нәпсің көтерілед-ай. Сабырмен тыңдап алам да: Ағатай, мен ұйымдастырушы ғана, алғысты Басшылығыңызға айтыңыз, ұжымыңызға айтыңыз, тәңір жарылғасын, - дейді  "7 арна", «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Алмас Алтай. Берік Дәуенов, өлкетанушы, блогер: -"Өзенмұнайгаз" АҚ мұнайшыларының "Ұлы дала дидары" атты үш күндік өлкетану экспедициясына атсалысу мүмкіндігі бұйырды. Өлкетану экспедициясын ұйымдастыру тізгінін Алмас Алтай інім қолға алды. Үш күнде 160 адамды 3 топқа бөліп, 5 жанға жайлы автобуспен жұмыста жүрген мұнайшыларды ұлы даламен дидарластыру мақсат болды. Әрине, мұндай жерде Бекболат Төлегенұлының жүруі заңдылық. Өлкені таныстыруды қолға алған Бекболат әр күн сайын сапарға шыққан мұнайшыларды алдымен "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенімен, одан әрі Шерқала тауы, Ақмыш, Қызылқала қаласының тарихымен таныстырды. Сапар соңында "Көгез" этно ауылынан түскі ас ішіп, дастарқан басқарған Фархад Мұсаев пен Қосқали Тындырғанов әзіл-қалжыңға қарық қылып, қызықты жүргізуімен, "Жыр-жебе" ақындар мектебі мен бірге Шалқарбай мен Райымбек Тузелов ақындардың айтысын тамашаладық. Тұщыбек ауылының тумасы, құсбегі Айшуақ Тайманов інімнің бүркіті мен тазысын тамашалап, естелік суреттерге түскен мұнайшылар құс баптау өнерінің де Маңғыстауда өлмегенін көріп ризашылығын білдіріп жатты. Дастарқан басында тілек айтушы мұнайшының "біз тек жұмыс үшін ғана емес, демалыс үшін керек екенбіз ғой" деп тілек-алғысымен, басқаларыда қайта-қайта айтқан ризашылықтарымен басшыларына көңілдерін жеткізіп жатты. Неге риза болмасқа, соңғы күнгі сапарымызда басшысы Есен Оғланұлы мен Бауыржан Мәмбетсапаев Шерқала тауына келгенімізде арамыздан табылып, түскі аста жұмысшы мұнайшылармен бірге дастарқандас болды. Және бір естігенім, "Өзенмұнайгаз" мекемесі Сисем Ата қауымын өз қарауына алып, бірнеше игі шаруалар ұйымдастырып жатыр екен. Тіпті бүгін құдық қазу жұмысы да бітті деген сүйінші жаңалығын естідім. Қазақ мұнайының 120 жылдығы, Өзен мұнайының 55 жылдығына орай, мұнайшылардың кәсіби мерекесі қарсаңындағы мұндай іс-шаралар алда да жалғаса береді дейді. Оң болсын! Құтты болсын! Бейбіт күннің батырлары - мұнайшылардың мерейі мен көңіл күйлері көтеріңкі болса, бәріміздің жанымыз тыныш.

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    870
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Халықаралық Каспий инновациялық технологиялар көрмесі

    Келесі жаңалық

    "Мазмұндама" қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан "Маңғыстау-Медиа" ұжымымен танысты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5179

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4815

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4108

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4138

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5078

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4421

      Рубрикалар

        КомплаенсЖаңалықтарРедакцияМәдениетРедакция газеттеріБейнеуМаңғыстауЖарнамаҚазақстан жаңалықтарыСаясат

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3196

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2951

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2786

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3058

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3027

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»