2019 жылдың 11 тамызында бірінші Каспий экономикалық форумы аясында Халықаралық Каспий инновациялық технологиялар көрмесінің, сондай-ақ "Туркмен сахра - 2019" көрмесінің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түркменстанның Ақтаудағы Консулдығына сілтеме жасап. Көрменің ашылу рәсіміне Каспий маңы және басқа да елдерден келген жоғары лауазымды қонақтар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік компаниялар, халықаралық баспасөз өкілдері қатысқан. Көрме павильоны Түркменбашы қаласының халықаралық теңіз портының аумағында орналасқан. Оған қатысушылар Каспий маңы елдерінің ұлттық стендтерімен, көлік индустриясының жаңалықтарымен және жоғары технологиялардың жетістіктерімен танысты.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Бейнежазбаны Түркменстанның Ақтаудағы Консулдығы ұсынды
[embed]https://youtu.be/iW1a7VcZ9-M[/embed]