Украина шекарасынан тыс Тарас Шевченконың ірі мұражайы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде шағын Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Қалаға Украинаның атақты ақынның есімі берілген, себебі 1850-1857 жылдары ол айдалуда болған. Тарас Шевченко осы жерге Орынборда тұтқынға алынғаннан кейін жіберілді. Жеті жылға ақынға жазуға және сурет салуға тыйым салынған. Қағазға деген тыйым салу мен жетіспеушілігіне қарамастан, Тарас Григорьевич осында 200 жұмыс жасаған: ол табиғат суреттерін, ескерткіштерді, қарапайым жергілікті тұрғындардың тұрмысын салған алғашқы нұсқалар, суреттемелер, нобайлар.
Украиндықтар мен қазақтардың ұрпақтары үшін ұлы Кобзарь ұстаз болған, оны екі халықтың ұлы ретінде санайды. Ол өлеңдері мен суреттері арқылы Қазақстан және Украина арасында достық қатынасты жасағандардың алғашқы адам болып табылады.
Т.Шевченко мұражайы Ираклий Усковтың бекінісі комендантының жазғы ордасында орналасқан. Осы ғимарат 150 астам жыл тұр. Мұражайға жақын орналасқан саябақта жер аударған ақын жұмыс істеді. Осында Тарас Шевченко отырғызған ағаштар өсіп жатыр.Осында ұлы Кобзарьға арналған ескерткіш қойылған. Ақынның ескерткіші жанында жер үй орналасқан.
Саябақ жалғыз аяқ жолдарының бірінде Шевченко қазған құдық сақталған. Аңыз бойынша, дәл осы жерде Тарас және оның полктес серіктері жеті метрлік тереңдікте тұщы суға жетті. Қатты құрғақшылық кезінде осы құдық бекіністен алыс емес болған бір ауылды ажалдан аман қалдырды. Халық арасында оны «Шевченко құдығы» деп атайды.
Мұражай экспозициясы өзгеше безендірілген, барлық залдар Тарас Шевченконың Маңғыстауда болған кездерін санайтын шақырымдық бағаналардан басталады .
Бірінші зал ақынның Маңғыстауға келу кездерін, өмірінің Маңғыстауда өткізген алғашқы жылдарын баяндайды. Сөрелер мен стендтерде ақынның Новопетровск бекінісінде әскер қызметін атқаруына қатысты көптеген құжаттардың көшірмелері бар, олардың арасында шаруашылық жұмыс үшін жазғы орда етіп жасаған «Шевченко жауынгерін» муштрадан босатқан комендант Усковтың қаулысы бар.
Басқа залда Тарас Шевченко қатысқан Қаратау экспедициясынан суреттер жиналған. Жорық кезінде ол табиғат көріністерін, құрылыстарды, ескерткіштер мен басқа көрікті жерлердіғ сонымен қатар осы жерді мекендейтін халықтың тұрмысы мен этнографиясын, экспедиция лагері мен суретшінің басқа әсерін бейнелеген шамамен 18 аяқталмаған жұмыс пен 60 алғашқы нұсқалар, суреттемелер, нобайлардан тұратын Қаратау жайындағы туындылардың көркем, графикалық сериясын жасаған. Ол кітаптарында «көз айырмау қарайтын жер жоқ болып табылатын» кең байтақ даланың табиғатына таңқалғаны жайында жазған. Сол кездегі көрнекті жұмыстарының бірі «Дала өрті» суреті болып табылады. Ұлы Кобзарь: жалаңаш жер үстінде жанатын не бар? деп таңқалып жүрген.
Үшінші залда жер аударған ақын жауынгер болған кезіндегі Новопетровск бекінісінің үлгісі көрсетілді. Тарихшылардың санағанынша, Тарас Григорьевич жеті жыл бойы қарауылда 63 рет тұрған. Мұражай экспонгатарының көпшілігі түпнұсқалық болып табылады, олар ұзақ уақыт бойы жиналып отырған. Мұражай қызметкерлері бекіністің қираған жерінде өздері жүріп, сонда ескі заттарды тауып, оларды қайта қалпына келтірілген.
Мұражайдағы ең танымал сурет «Казашка Катя» болып табылады. Осында ол «Марқұмға оқылған дұға» деп аталады. Осы сурет жайында мұражай сақтаушысы Нұрсұлу Сұйын былай дейді:
- Осы әйел комендант Усковтың отбасында қызметші әйел болып жұмыс істеп жүрген. Тарас оның саябағына жиі барып жүрген. Қазақ әйелдің бейнесін ол дәл Катяға қарап, көшіріп салған. Бірақ біз суретті басқаша деп атауды ұйғардық. Осында қазіргі күнге дейін сақталып жеткен салт бейнеленген. Күнның батуы кезінде ата-бабалардың қабіріне келуге, шамды жағуға және арманы туралы айтуға болады. Тарас Шевченко әйелдің дәл сол кезіндегі кейпін бейнелеген.
Мұражай экспозициясындағы орталық орынды ұлы Кобзарьдің автопортреті алып жатыр.
2012 жылы Маңғышлақта Тарас Шевченко мұражайы өзінің 80-жылдығын тойлады, осы себептен ұйымдастырылған салтанатты іс шараларына Украинадан келген үлкен делегация келген. Келген қонақтардың айтуынша, бұл украиндық ақын мен суретші жайында қалған мәлімет толық берілген, туған жерден тыс орналасқан Тарас Шевченконың жалғыз мұражайы болып табылады.
Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ