Бұл жайында Манғыстау облыстық әкімдігінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының, фармассоциалардың өкілдерінің және медициналық ұйымдарының басшылықтарының қатысуымен өткен «Самрұқ Қазына-Фармация» ЖШС-нің көшпелі жұмыс отырысында айтылды.
Отырыста кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде дәрі-дәрмекпен, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникамен қамтамасыз етумен байланысты бірыңғай дистрибуция мәселелері талқыланып, ортақ пікірлер ортаға салынды.
-Бүгінгі отырыста медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және сапалы дәрілік құралдармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымды сақтау және логистикасы, медициналық ұйымдардың «СҚ-Фармация» ЖШС алдындағы берешектері жайында сөз болды. Сондай-ақ, дәрілік қамтамасыз етудің болжау мен жоспарлаудың тетігін құрып, бірыңғай дистрибуцияның қызметтерінің перспективасын талқыладық. Мұндай кездесулер жыл сайын кестеге сай өткізіледі. Айта кеткім келеді Маңғыстау облысында «СҚ-Фармация» ЖШС-мен ешқандай проблема жоқ, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етіліп отыр. Біздің мекеменің жұмысымен толық танысқысы келген адам сайтымызға кіріп, мәлімет ала алады. Сайтымызда мәліметтер үш тілде қойылған. Елімізде дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті. Тіптен біз 2017 жылдың жоспарын жасақтап жатырмыз, жұмысымыз жүйелі жолға қойылған,-дейді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев.
Жиналыс қорытындысында отырыс барысында айтылған барлық нақты мәселелер мен қатысушы жауапты тараптар арасында бөлінген міндеттер көрсетілген хаттамаға қол қойылды.
Венера МИРЛАН