Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды. Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.