Бүгін, 19 шілде күні, Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиевке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Істі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғафур Шаров қарады. Серік Аманғалиев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қараша айына дейін болған еді. Еске сала кетейік, МО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиев Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 05.11.2018 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3 бөлігімен (пара алу) күдікті деп танылып, «күзетпен ұстау» түрінде екі айға қамауға алынған еді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН