©
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» мұнай-газ кен орнындағы жағдайды өз бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ ол Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ диспетчерлік қызметінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 13 наурыз күні 8237 ұңғымасын салу кезінде газды-су қоспасы атқылаған. Ал 25 наурыз күні сағат сағат 05.46 шамасында апатты ұңғыманың газ-су қоспасының ошағы жана бастады. 26 наурыз күні от №8237 ұңғымасына ауысқаны туралы хабар келіп түскен. Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтауда құзырлы орган өкілдері біріккен брифинг беріп, жағдайдың бақылауда екенін, жедел топ жұмыс жасап жатқанын, отты сөндіру үшін Атыраудан қосымша техника алдырылғанын жеткізді.