Ақтөбе қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Жарыста маңғыстаулық спортшылар 2 алтын мен 2 қоланы иеленді. Оған барлық өңірлерден 600-ге жуық спортшы қатысты, - деп хабарлайды mangуstaumedia.kz сайты. Чемпионат 12-15 наурыз аралығында болды. Ұлдар арасында 64 келіде сынға түскен маңғыстаулық Рауан Салық алтын медальді алса, 51 келі салмақта Жандос Байбосынов қола медальға ие болды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74944,74942,74943"] Ел чемпионатында қыздар арасында 70 келі салмақта күрескен Мадина Теңелбаева 3-орынды алса, 63 келі салмақта Маржан Қаналиева 1-орынды еншіледі. Бәсекеге спортшыларды аға бапкерлер Жақсылық Меретжанов пен Мәншүк Баданова алып барды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74945,74940"] «Жарыс тартысты өтті. Маңғыстау облысының құрамасы команда бойынша 1-орын орынды алса, жалпы медальдық есепте 3-орынға тұрақтады ", - дейді Қазақ күрес және дзюдо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қабыл Бисенқұлы.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді Қ. Бисенқұлы ұсынды