1999-2000 жылғы жастар арасындағы сайыс Алматы қаласында өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 500-гу жуық самбошы қатысты. Маңғыстаудың намысын қорғаған Нұрбек Қуанышұлы мен Баубек Әбубәкір қола жүлдеге ие болды. Нұрбек Қуанышұлы 74 келіде, Баубек Әбубәкір 82 келіде сынға түсті. Қос палуанды жарысқа баптаған – Берік Жұмағалиев. Нұрбек 2016 жылы Талдықорған қаласында дзюдодан өткен республикалық жарыста күміс медальді, Талдықорған қаласында самбодан өткен республикалық жарыста алтын медальді, Якутияда өткен алтыншы халықаралық Азия балалар ойындарынан қола медальді қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 2015 жылы Бакуде өткен халықаралық жарыста топ жарып, қола медальдің иесі және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері. [caption id="attachment_74448" align="aligncenter" width="1024"] Баубек Әбубәкір бапкері Берік Жұмағалиевпен[/caption] Баубек Әбубәкір Қырғызстанда өтекн турнирдің қолы жүлдегері, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған доданың жеңімпазы. Бірнеше халықаралық және республикалық сайыстардың жүлдесін иеленіп жүрген тәжірибелі спортшы.