©
Ресейдің Рязань қаласында өткен турнирде маңғыстаулық самбошы Айбек Сайлаубаев чемпион атанды. Бұл жөнінде мектеп басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Хапанов хабарлады.
Жарыс Ауған соғысында қаза болған рязаньдықтардың құрметіне өткізілген. Оған Ресейдің барлық қалаларынан, Украина және Қазақстанның Ақтау, Атырау қалаларынан барлығы 700-ге жуық спортшы қатысқан. Ал Маңғыстау намысын 12 самбошы қорғады.
55 келі салмақта сынға түскен Айбек Сайлаубаев алтыннан алқа тағынды. Ол 7 қарсыласын тізе бүктіріп, тұғыр биігіне шыққан.
[caption id="attachment_73972" align="alignnone" width="1024"] Айбек бапкері Берік Жұмағалиевпен[/caption]